Қосымша тамақ қадам-қадаммен
EMbrace kidsБалалар медициналық орталығы · Алматы
Ата-аналарға арналған нұсқаулық · 6–12 ай

Қосымша тамақ: қадам-қадаммен

Қашан бастау, етті қалай беру және баланы шайнауға қалай үйрету. Педиатрлардан, қарапайым тілмен.

Уақыт аз болса

Ең бастысы — бір бетте

6 ай
Бастау уақыты

17 аптадан ерте емес, 26 аптадан кеш емес. Бағдар — күнтізбе емес, баланың дайындығы.

Темір
Алдымен — темірге бай тамақ

Ет, байытылған ботқа, бұршақ, көкөніс. Ет — алғашқы апталардан бастап.

2–3 күн
Жаңа өнімдер арасындағы қадам

Бір мезгілде — бір жаңа өнім. Әрқайсысына апталап күтудің қажеті жоқ.

8–10 ай
Кесектерге уақыт

Езбе → түйіршікті езбе → жұмсақ кесек. Кешіктірсеңіз, кейін бала кесектен бас тартуы мүмкін.

8–15 рет
Жаңа дәмге үйрену

Бас тартса — бұл «ұнатпайды» дегені емес. Басқа күні, басқа түрде қайта ұсыныңыз.

6 айдан
Аллергендерді кейінге қалдырмаңыз

Жұмыртқа, жержаңғақ пастасы, балық, бидай. Енгізгеннен кейін тұрақты беріңіз.

1 жасқа дейін
Бермеңіз

Бал, тұз бен қант, шырын, шай, қазы мен колбаса.

Сүт — негіз
Бір жасқа дейін

Емшек сүті немесе қоспа негізгі тамақ болып қалады. Су — тамақ кезінде ашық кеседен.

Қашан бастау

Бала дайын ба? Белгілеп көріңіз

Ең жақсы уақыт — 6 ай, емшек сүтін жалғастыра отырып. Бірақ күнтізбеден гөрі мына белгілер маңыздырақ. Төртеуі де болуы керек.

Белгілерді белгілеңіз — нәтиже осында шығады.

Бұл дайындық белгісі емес

  • Түнде жиі оянады
  • Тамаққа қызығады, бірақ әлі отыра алмайды
  • «Сүт аз сияқты» — салмағы тексерілмей

Неге 4 айдан ерте емес

  • Бүйрек пен ішек әлі жетілмеген
  • Езбені дұрыс жұта алмайды — тұншығу қаупі
  • Тамақ емшек сүтін ығыстырады, ішек инфекциялары жиілейді

Неге 7 айдан кеш емес

  • Темір қоры таусылады — анемия қаупі
  • Энергия мен мырыш жетіспейді — өсу баяулайды
  • Жаңа дәмдер мен кесектерге үйрену қиындайды

Шала туған бала — түзетілген жасы бойынша, педиатрмен келісіп. Қоспамен қоректенетін балаға мерзімдер дәл сондай.

Ағзада не өзгереді

Неге дәл 6 ай?

6 айға қарай тек сүт жетпей қалады. Қосымша тамақ — ойын немесе жаттығу емес, нағыз тамақ көзі.

≈11 мг
Темір тәулігіне

Сонша керек 6–12 айда. Емшек сүтінде темір аз, ал туа біткен қор таусылады. Енді темірдің 90%-дан астамы тамақтан келуі тиіс.

200 → 550
ккал қосымша тамақтан

ДДҰ бағдары: 6–8 айда ≈200, 9–11 айда ≈300, 12–23 айда ≈550 ккал. Сұйық сорпа мен бір кәдіден жасалған езбе мұны жаппайды.

Шайнау
Дағды біртіндеп дамиды

6–7 ай — жақпен жаншу, 7–9 ай — тілдің бүйірге қозғалысы, 9–12 ай — айналмалы шайнаудың басы.

Лоқсу
Қорғаныс рефлексі

6 айда тілдің ортасынан іске қосылады. Кесектен лоқсу — қалыпты, бұл тұншығу емес.

Темір неге соншалық маңызды

Ол мидың дамуына қажет. 6–24 айдағы темір тапшылығы дамуға әсер етуі мүмкін, ал бұл әсер анемия түзелгеннен кейін де сақталуы мүмкін. Сондықтан алғашқы тамақ темірге бай болуы керек.

Іс жүзінде

Қалай енгізу: 6 қадам

«Көкөніс → ботқа → ет» деген қатаң рет қажет емес. Маңыздысы: басынан темір, әртүрлілік және бір мезгілде бір жаңа өнім.

  1. Күндіз, бала сергек кездеҰйқы алдында емес — реакцияны байқау үшін.
  2. 1–2 шай қасықтан бастаңызСодан кейін — емшек немесе қоспа.
  3. 5–7 күнде 2–3 ас қасыққа дейінӘрі қарай — баланың тәбетіне қарай.
  4. Жаңа өнім — әр 2–3 күн сайынЕнгізілген өнімдерді араластыра беріңіз.
  5. Алғашқы 2–3 аптаЕт, ботқа (қарақұмық, сұлы — қантсыз), көкөніс (кәді, брокколи, асқабақ, сәбіз), бұршақ.
  6. 7 айдан — май қосыңызЕзбеге 3–5 г өсімдік майы немесе сары май.

Күніне неше рет

ЖасыНегізгі тамақЖеңіл тамақСүт
6–8 ай2–3 рет—Сұраныс бойынша, рационның негізі
9–11 ай3–4 рет1–2 ретСұраныс бойынша
12–23 ай3–4 рет1–2 ретЕмшек сүтін 2 жасқа дейін және одан ұзақ

Мұның қажеті жоқ

  • Әр өнімге 7–10 күн күту
  • Тек «гипоаллергенді» өнімдерден бастау
  • Жемісті тек көкөністен кейін енгізу
  • Езбені шырынмен сұйылту

Ай сайынғы қосымша тамақ — 4 айдан 2 жасқа дейін не және қанша беру керек, аллергендер мен кесектер. Тегін, сайтта.

Ашу
Темірдің басты көзі

Ет — алғашқы апталардан

Етті 6 айдан, қосымша тамақтың алғашқы 2–3 аптасында береді. ДДҰ жануар өнімдерін күн сайын беруге кеңес береді.

15–35%
Еттегі темір сіңеді

Жармадағы, бұршақтағы, көкөністегі темір — небәрі 2–20%.

Ет + көкөніс
Бірге берген тиімді

Ет бір тағамдағы ботқа мен көкөністегі темірдің де сіңуін күшейтеді.

C дәрумені
Темірге көмектеседі

Брокколи, бұрыш, жидек — күшейтеді. Шай мен сол тамақтағы көп сүт — тежейді.

Қандай ет

ЕтНе білу керек
Жылқы, сиыр, бұзау, қой етіТемір ең көп. Жылқы еті майсыз — алғашқы тамаққа жақсы.
Күркетауық, тауық (сан еті)Сан еті төс етіне қарағанда темірге бай.
Үй қояныНәзік, майсыз, оңай езіледі.
Бауыр, жүрек, тіл8–9 айдан. Бауыр — аптасына 1 реттен жиі емес, 20–30 г.
Қазы, колбаса, сосиска1 жасқа дейін болмайды, ең дұрысы — 3 жасқа дейін: тұз бен май көп.

Қанша

Бастау1–2 ш. қ.
8 айға қарай30–50 г
12 айға қарай50–70 г

Нақты грамм екінші кезекте. Ең маңыздысы — күн сайын беру.

Жасына қарай қалай дайындау

  1. 6–7 айЫдырағанша 1,5–2 сағат қайнатып, біркелкі езбе етіңіз.Ет суымен немесе көкөніс езбесімен сұйылтыңыз.
  2. 7–8 айЕзілген немесе ұсақ туралған ет — ботқаға, көкөніске.Жұмсақ фрикаделька.
  3. 8–9 айЖұмсақ тефтель, буға пісірілген котлет, ұсақ жұмсақ кесектер.
  4. Қолмен жеу (BLW), 6 айданСаусақтай ұзын, жұмсақ бұқтырылған ет тілімі.Бала оны сорып, жаншып, шырынын алады.
  • 1 жасқа дейін тұзсыз, дәмдеуішсіз. Сарымсақ, пияз, аскөк, зире болады.
  • Толық пісіріңіз. Тартылған ет пен құс етінде қызғылт жер қалмасын.
  • Сақтау: тоңазытқышта 1–2 күн, мұздатқышта порциялап 1–3 ай.

Сорпа

Етті алмастырмайды: онда темір мен ақуыз аз, тұз бен май көп. Тұзсыз ет суы — тек езбені сұйылту үшін. Қою сорпа 1 жасқа дейін керек емес.

Балық

6 айдан, аптасына 1–2 рет: треска, хек, көксерке, лосось. Ірі тунец, акула, шикі және ысталған балық — болмайды. Сүйегін саусақпен тексеріңіз.

Жұмыртқа

6 айдан, тұтасымен — сарысы да, ағы да. Тек толық пісірілген. Енгізгеннен кейін аптасына 2–3 рет беріңіз.

Шайнау дағдысы

Езбеден кесекке дейін

Шайнау тек құрылымы бар тамақпен жаттығады. 9–10 айға дейін тек біркелкі езбе жеген бала кейін кесектен жиі бас тартады және тамақ талғағыш болады.

  1. 6 айБіркелкі, қою езбе — қасықтан ақпайды.Ет езбесі, ботқа, брокколи.
  2. 7–8 айШанышқымен езілген, жұмсақ түйіршікті.Картоппен ет, езілген банан, сүзбе.
  3. 8–9 айЖұмсақ кесектер, қолмен жеу.Пісірілген сәбіз таяқшалары, тефтель, омлет тілімдері, авокадо.
  4. 9–12 айТуралған тамақ, 1 см кесектер.Макарон, балық, жұмсақ ет, нан.
  5. 12 айданОртақ дастархан.Тұзсыз, ащысыз, қауіпті пішіндерсіз.

Жұмсақтықты тексеру

Кесек бас бармақ пен сұқ саусақтың арасында езілуі керек — немесе тілмен таңдайға басқанда.

Қасықпен бе, қолмен бе?

Екеуі де, аралас та жарайды. Ата-аналар қауіпсіздік ережелерін білсе, тұншығу жиілігі бірдей. Шешуші — баланың құрылымға үйренуі.

Жиі қойылатын сұрақ

Сүйек беруге бола ма?

«Сүйек шайнауды жаттықтырады» деген идея қисынды, бірақ тікелей зерттеу жоқ. Ірі қатты сүйек — ет дәмі бар тіс жарғыш: бала тістейді, кеміреді, сорады. Ауыз бен жақ жұмыс істейді, тіс шыққанда жеңілдейді. Дәл осындай жаттығуды жұмсақ ет тілімі мен көкөніс таяқшалары да береді.

Болады — 6 айдан, бақылаумен

  • Ірі, тұтас, пісірілген сүйек — баланың аузынан үлкен: қозы не бұзау сирағы, тауық не күркетауықтың ірі сан сүйегі
  • Аздап жұмсақ ет қалған, бірақ шеміршек, тері, сіңір, май кесегі жоқ
  • Құс сирағынан жанындағы жіңішке ине тәрізді сүйекті алып тастаңыз

Болмайды

  • Ұсақ сүйек: тауықтың қабырғасы, қанаты, мойны, омыртқасы
  • Жарылған, сынған, піскен соң шаншылатын құс сүйегі
  • Балық сүйегі — ешқашан
  • Жілік майы түсіп тұрған жілік, құйрық май, май кесегі

Кеміру кезіндегі 5 ереже

  1. Берер алдында тексеріңізҚарап, қолмен ұстап көріңіз: сынық, шеміршек, бос кесек жоқ.
  2. Тек отырып, ересекпенБала орындықта тік отырады, сіз қасында қарап отырасыз. Жатып, жүріп, көлікте — болмайды.
  3. Уақытында алыңызЕт кесек-кесегімен түсе бастаса немесе сүйек кішірейіп, тайғақ болса.
  4. Емізік емесТыныштандыру үшін немесе ұйқы алдында бермеңіз.
  5. Кептірілген нан, сушка — алмастырмайдыОлардан қатты кесектер сынып түседі.

Бала тұншығып қалса, не істейсіз? Орталықта тегін шебер-сынып өткіземіз: нәрестеге алғашқы көмек және Геймлих әдісі. Жазылусыз — келіңіз немесе дәрігерден сұраңыз.

Уақытын білу
Келесі қадам

Әр бала өзінше. Жоспар да өзінше.

Бала тамақтан бас тартса, салмақ қоспаса, кесектен лоқса немесе аллергиядан қорықсаңыз — жалпы нұсқаулық жеткіліксіз. Педиатр балаңыздың жасына, салмағына және дағдыларына қарай жеке жоспар құрады.

Үйден шықпай

Онлайн-кеңес

Педиатрмен қосымша тамақ бойынша: не, қашан, қанша — сіздің балаңызға.

Орталықта

Педиатр қабылдауы

Тексеру, өсу мен салмақты бағалау және жеке тамақтану жоспары.

Тегін

Алғашқы көмек

Тұншығу кезінде не істеу керек: шебер-сынып, жазылусыз.

WhatsApp-қа кодтық сөзді жазыңыз:

ТАМАҚ

Қосымша тамақ туралы сұрақтарға жауап береміз және өзіңізге ыңғайлы уақытқа қарауға жазамыз.

WhatsApp-қа жазу
8 700 578 9090
МекенжайАлматы, Әбіш Кекілбайұлы көшесі, 123
Жұмыс уақытыДс–Жм 09:00–20:00
Сб 09:00–18:00
Жс — демалыс
Кеңес алу
EMbrace kidsДетский медицинский центр · Алматы
Гайд для родителей · 6–12 месяцев

Прикорм: шаг за шагом

Когда начинать, как давать мясо и как научить ребёнка жевать. От педиатров, простым языком.

Если мало времени

Главное — на одной странице

6 мес
Когда начинать

Не раньше 17 недель и не позже 26. Ориентир — готовность ребёнка, а не календарь.

Железо
Сначала — еда, богатая железом

Мясо, обогащённая каша, бобовые, овощи. Мясо — с первых недель.

2–3 дня
Шаг между новыми продуктами

Один новый продукт за раз. Ждать неделями на каждый не нужно.

8–10 мес
Время для кусочков

Пюре → пюре с комочками → мягкие кусочки. Если затянуть, ребёнок может потом отказываться от кусочков.

8–15 раз
Привыкание к новому вкусу

Отказ — это не «не любит». Предложите снова в другой день и в другом виде.

С 6 мес
Аллергены не откладывайте

Яйцо, арахисовая паста, рыба, пшеница. После введения давайте регулярно.

До 1 года
Не давайте

Мёд, соль и сахар, сок, чай, казы и колбасу.

Молоко — основа
До года

Грудное молоко или смесь остаются главной едой. Вода — во время еды из открытой чашки.

Когда начинать

Готов ли ребёнок? Отметьте

Лучшее время — 6 месяцев, продолжая грудное вскармливание. Но признаки важнее календаря. Нужны все четыре.

Отметьте признаки — результат появится здесь.

Это не признаки готовности

  • Часто просыпается ночью
  • Интересуется едой, но ещё не умеет сидеть
  • «Кажется, мало молока» — без проверки прибавки веса

Почему не раньше 4 месяцев

  • Почки и кишечник ещё не созрели
  • Не умеет правильно глотать пюре — риск поперхнуться
  • Еда вытесняет грудное молоко, чаще кишечные инфекции

Почему не позже 7 месяцев

  • Запасы железа заканчиваются — риск анемии
  • Не хватает энергии и цинка — замедляется рост
  • Сложнее привыкать к новым вкусам и кусочкам

Недоношенным — по скорригированному возрасту и вместе с педиатром. Для детей на смеси сроки те же.

Что меняется в организме

Почему именно 6 месяцев?

К 6 месяцам одного молока становится мало. Прикорм — не игра и не тренировка, а настоящий источник питания.

≈11 мг
Железа в сутки

Столько нужно в 6–12 месяцев. В грудном молоке железа мало, а запас с рождения заканчивается. Теперь больше 90% железа должно приходить с едой.

200 → 550
ккал из прикорма

Ориентир ВОЗ: ≈200 в 6–8 мес, ≈300 в 9–11 мес, ≈550 ккал в 12–23 мес. Жидкий суп и пюре из одного кабачка этого не закрывают.

Жевание
Навык растёт постепенно

6–7 мес — жамкает челюстями, 7–9 мес — двигает языком в стороны, 9–12 мес — начинает жевать по кругу.

Рвотный рефлекс
Это защита

В 6 месяцев срабатывает уже с середины языка. Давится на кусочке — это норма, а не удушье.

Почему железо так важно

Оно нужно для развития мозга. Дефицит железа в 6–24 месяца может повлиять на развитие, и этот след может остаться даже после того, как анемию вылечили. Поэтому первые продукты должны быть богаты железом.

На практике

Как вводить: 6 шагов

Жёсткий порядок «овощи → каши → мясо» не нужен. Важно другое: железо с самого начала, разнообразие и один новый продукт за раз.

  1. Днём, когда ребёнок бодрНе перед сном — чтобы заметить реакцию.
  2. Начните с 1–2 чайных ложекЗатем — грудь или смесь.
  3. За 5–7 дней — до 2–3 столовых ложекДальше — по аппетиту ребёнка.
  4. Новый продукт — каждые 2–3 дняУже введённые продукты можно смешивать.
  5. Первые 2–3 неделиМясо, каша (гречка, овсянка — без сахара), овощи (кабачок, брокколи, тыква, морковь), бобовые.
  6. С 7 месяцев — добавьте масло3–5 г растительного или сливочного масла в пюре.

Сколько раз в день

ВозрастОсновные приёмыПерекусыМолоко
6–8 мес2–3 раза—По требованию, основа рациона
9–11 мес3–4 раза1–2 разаПо требованию
12–23 мес3–4 раза1–2 разаГрудное молоко — до 2 лет и дольше

Это не нужно

  • Ждать 7–10 дней на каждый продукт
  • Начинать только с «гипоаллергенных» продуктов
  • Вводить фрукты строго после овощей
  • Разбавлять пюре соком

Прикорм по месяцам — что и сколько давать с 4 месяцев до 2 лет, аллергены и кусочки. Бесплатно, на сайте.

Открыть
Главный источник железа

Мясо — с первых недель

Мясо дают с 6 месяцев, в первые 2–3 недели прикорма. ВОЗ советует давать продукты животного происхождения каждый день.

15–35%
Железа из мяса усваивается

Из круп, бобовых и овощей — всего 2–20%.

Мясо + овощи
Вместе — выгоднее

Мясо усиливает усвоение железа и из каши, и из овощей в том же блюде.

Витамин C
Помогает железу

Брокколи, перец, ягоды — усиливают. Чай и много молока в тот же приём — мешают.

Какое мясо

МясоЧто важно знать
Конина, говядина, телятина, баранинаБольше всего железа. Конина постная — отличный первый вариант.
Индейка, курица (бедро)Мясо бедра богаче железом, чем грудка.
КроликНежное, постное, легко пюрировать.
Печень, сердце, языкС 8–9 месяцев. Печень — не чаще раза в неделю, 20–30 г.
Казы, колбаса, сосискиДо года нельзя, лучше — до 3 лет: много соли и жира.

Сколько

Старт1–2 ч. л.
К 8 месяцам30–50 г
К 12 месяцам50–70 г

Точные граммы вторичны. Главное — давать каждый день.

Как готовить по возрасту

  1. 6–7 месВарить 1,5–2 часа до разваливания и пюрировать до гладкости.Разбавлять водой от варки или овощным пюре.
  2. 7–8 месТолчёное или мелкорубленое мясо — в кашу, в овощи.Мягкие фрикадельки.
  3. 8–9 месМягкие тефтели, паровые котлеты, мелкие мягкие кусочки.
  4. Еда руками (BLW), с 6 месПолоска томлёного мягкого мяса размером с палец.Ребёнок сосёт и жамкает её, вытягивая сок.
  • До года — без соли и специй. Чеснок, лук, укроп, зира — можно.
  • Прожаривайте полностью. В фарше и птице не должно быть розового.
  • Хранение: в холодильнике 1–2 дня, в морозилке порциями 1–3 месяца.

Бульон

Не заменяет мясо: железа и белка мало, соли и жира много. Несолёная вода от варки — только чтобы разбавить пюре. Наваристая сорпа до года не нужна.

Рыба

С 6 месяцев, 1–2 раза в неделю: треска, хек, судак, лосось. Крупный тунец, акула, сырая и копчёная рыба — нельзя. Кости проверяйте пальцами.

Яйцо

С 6 месяцев, целиком — и желток, и белок. Только полностью сваренное. После введения давайте 2–3 раза в неделю.

Навык жевания

От пюре до кусочков

Жевать учатся только на еде с текстурой. Ребёнок, который до 9–10 месяцев ел только гладкое пюре, потом чаще отказывается от кусочков и становится избирательным в еде.

  1. 6 месГладкое густое пюре — не стекает с ложки.Мясное пюре, каша, брокколи.
  2. 7–8 месРазмятое вилкой, с мягкими комочками.Мясо с картофелем, банан, творог.
  3. 8–9 месМягкие кусочки, еда руками.Варёная морковь брусочками, тефтели, омлет полосками, авокадо.
  4. 9–12 месРубленая еда, кусочки по 1 см.Паста, рыба, мягкое мясо, хлеб.
  5. С 12 месОбщий стол.Без соли, острого и опасных форм.

Проверка мягкости

Кусочек должен раздавливаться между большим и указательным пальцем — или языком о нёбо.

Ложкой или руками?

Подходит и то, и другое, и их сочетание. Если родители знают правила безопасности, частота удушья одинакова. Решает привычка ребёнка к текстуре.

Частый вопрос

Можно ли давать кость?

Идея «кость тренирует жевание» логична, но прямых исследований нет. Крупная твёрдая кость — это прорезыватель со вкусом мяса: ребёнок кусает, грызёт, обсасывает. Работают рот и челюсти, легче переносится прорезывание зубов. Ту же тренировку дают полоски мягкого мяса и овощные брусочки.

Можно — с 6 месяцев, под присмотром

  • Крупная цельная варёная кость, больше рта ребёнка: голяшка ягнёнка или телёнка, крупная бедренная кость курицы или индейки
  • С остатками мягкого мяса, но без хрящей, кожи, связок и кусков жира
  • У голени птицы удалите тонкую игловидную кость рядом с основной

Нельзя

  • Мелкие кости: рёбра, крылья, шейки, позвонки курицы
  • Треснувшие, сколотые и колющиеся после варки кости птицы
  • Рыбьи кости — никогда
  • Мозговые кости с вываливающимся мозгом, курдючный жир, куски жира

5 правил, пока ребёнок грызёт

  1. Проверьте перед подачейОсмотрите и ощупайте: нет сколов, хрящей, отходящих кусочков.
  2. Только сидя и со взрослымРебёнок сидит прямо в стульчике, вы рядом и смотрите. Лёжа, на ходу, в машине — нельзя.
  3. Вовремя заберитеЕсли мясо отваливается кусками или кость стала маленькой и скользкой.
  4. Не соскаНе давайте для успокоения или перед сном.
  5. Сухари и сушки — не заменаОт них откалываются твёрдые куски.

Что делать, если ребёнок подавился? В центре проходит бесплатный мастер-класс: первая помощь младенцу и приём Геймлиха. Без записи — приходите или спросите у врача.

Узнать время
Следующий шаг

Каждый ребёнок особенный. И план — тоже.

Если ребёнок отказывается от еды, плохо набирает вес, давится кусочками или вы боитесь аллергии — общего гайда мало. Педиатр составит план под возраст, вес и навыки вашего малыша.

Не выходя из дома

Онлайн-консультация

С педиатром о прикорме: что, когда и сколько — именно вашему ребёнку.

В центре

Приём педиатра

Осмотр, оценка роста и веса, индивидуальный план питания.

Бесплатно

Первая помощь

Что делать, если ребёнок подавился: мастер-класс без записи.

Напишите в WhatsApp кодовое слово:

ПРИКОРМ

Ответим на вопросы о прикорме и запишем на осмотр в удобное для вас время.

Написать в WhatsApp
8 700 578 9090
АдресАлматы, ул. Абиша Кекилбайулы, 123
Часы работыПн–Пт 09:00–20:00
Сб 09:00–18:00
Вс — выходной
Консультация